Алматы сотына арызданған сайлау бақылаушыларының талабы кері қайтарылды

0
2 163

Себебі, арызданушылар УСК-ге қойылатын нақты талаптар мен заңның қандай нормалары бұзылғанын көрсетпеген.


Алматы сотына арызданған сайлау бақылаушыларының талабы кері қайтарылды

ERNUR.KZ. Алматы соты учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен іс-әрекеттеріне қатысты екі шағымды қарады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Тәуелсіз бақылаушылар» ҚБ адамдары Медеу аудандық сотына арызданған. Ұйым өкілдері комиссияның бақылаушыны тіркеуден бас тартуын заңсыз деп тануды талап еткен.

«Сайлау туралы» заң бақылаушыдан өз өкілетін жазбаша растауды талап етеді. Бұл құжат бақылаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталуы керек, онда оның аты-жөні көрсетіледі. Сонымен қатар, байқаушы жеке куәлігін көрсетуге міндетті. Мұның бәрін бақылаушы болғысы келген адам жасамады. Сондықтан сот ҚБ талаптарын қанағаттандырудан бас тартты», - деп хабарлады Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті.

Дәл осындай өтінішпен №2 Алмалы аудандық сотына «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қоры да арызданған. Онда қоғамдық қор өз өкілінің сайлау учаскесінің ғимаратында бос орындардың болмауына байланысты бақылаушы ретінде кіргізілмегендігін атап көрсеткен. Қоғамдық қор санитарлық талаптарды сақтауға байланысты сілтемелерді негізсіз деп есептеді.

УСК өкілі сайлау учаскесінің ғимаратындағы бақылаушыларға бөлінген орынның босағанын күте тұру туралы өтінішті оны кіргізуден және тіркеуден бас тарту болып табылмайтындығын атап өтті. Сот анықтағандай, УСК ғимаратында қоғамдық бақылаушыларға бөлінген орындар санитарлық нормалар мен COVID-19 вирусының таралуының алдын алу жөніндегі алгоритмге сәйкес орналастырылған. Учаскеге келген сәтте бақылаушыға орын ұсыну кезінде әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтау мүмкін болмады.

«Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс талаптары мен жоғарыда аталған алгоритмді бекіту туралы Бас санитарлық дәрігер қаулысының нормалары міндетті түрде орындалуы тиіс. Осыған байланысты сот қоғамдық қордың талабын орындаудан бас тартты. Өтініштердің бірқатары өтініш берушілердің заң талаптарын сақтамауына орай кері қайтарылды. Атап айтқанда, оларда УСК-ге қойылатын нақты талаптар мен заңның қандай нормалары бұзылғаны көрсетілмеген», -деді Жоғарғы соттың өкілі.