Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

0
398

Прокуратура Игорь Дужновты күзетпен ұстау мерзімін 20 желтоқсанға дейін ұзарту туралы өтініш білдірген.


Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

ERNUR.KZ. Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін прокуратура Игорь Дужновты күзетпен ұстау мерзімін 20 желтоқсанға дейін ұзарту туралы өтініш білдірген.
«12 қарашада прокуратураның өтініші тергеу сотының қаулысымен қанағаттандырылды. Игорь Дужновқа қатысты күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін, яғни 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін ұзартуға санкция берілді», - деп хабарлады Алматы қалалық соты.
Еске салайық, оқиға 20 қыркүйекте шамамен кешкі сағат 17.20-да «Ақбұлақ» шағын ауданында жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған Д. есімді азамат оқ атты.
Қаза тапқан полицейлердің артында 5 және 2 баласы қалды.
Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Алматы қалалық соты бірнеше адам өліміне кінәлі тұрғынның даулы ісіне қатысты мәлімет берді.
«Банк ЦентрКредит» АҚ іс бойынша барлық қажетті құжатты ұсынатындарын және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсететіндерін жеткізді.
Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.