Алматыда айыппұл мен алимент төлемейтіндерді “іздеу“ басталды

0
110

Алматыда 12-14 наурыз аралығында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.


Алматыда айыппұл мен алимент төлемейтіндерді “іздеу“ басталды

Фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Алматыда полиция айыппұл мен алимент төлемей жүрген азаматтарды іздестіріп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Алматыда 12-14 наурыз аралығында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараны Алматы қалалық полиция департаменті мемлекеттік кірістер департаментімен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаттары:

  • Салық бойынша өтелмеген, төленбеген айыппұлдары, алименттері бар адамдарды анықтау.
  • Көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра көлік тізгіндеген жүргізушілерді анықтау.
  • Жалған тіркеу нөмірлері бар көліктерді пайдалануды болдырмау.
  • Сот қаулысымен және сот орындаушыларымен шектеу қойылған көліктерді анықтау.

Әрекет ету шаралары:

  • Берешегі анықталған адамдар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
  • Ереже бұзған көліктер анықталып, айыппұл тұрағына орналастырылады.

Полиция кеңесі:

  • Салық, айыппұл және алимент бойынша қарыздарды уақытылы өтеу.
  • Көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарын сақтаңыз.
  • Іс-шара аясында құқық қорғау органдары мен сот орындаушыларына көмек көрсету.

Полиция қала жолдарында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды жалғастырады.