Алматыда арнайы операция: Қаруланған бір топ адам ұсталды

0
1 027

Алматы қаласының аумағында атыс қаруын заңсыз сақтаумен және өткізумен айналысатын адамдар анықталған.


Алматыда арнайы операция: Қаруланған бір топ адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда полицейлер арнайы операция кезінде кәнігі қылмыскерлер тобынан граната, тапанша және пышақ тәркіледі, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы полициясының тергеу басқармасы ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында жедел ақпаратқа сәйкес Алматы қаласының аумағында атыс қаруын заңсыз сақтаумен және өткізумен айналысатын адамдар анықталды. Кеше Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының 32-ден 35 жасқа дейінгі төрт тұрғыны бұрын зорлау, алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау, атыс қаруын сақтау және өткізу, қарақшылық шабуыл жасау, адам өлімімен аяқталған ауыр дене жарақатын салу және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену үшін сотты болған азаматтарды ұстады. Аталған азаматтарға қатысты өткен күні тергеу соты санкциялаған тінту іс-шаралары өткізілді, соның нәтижесінде заңсыз айналымнан РГД-5 гранатасы, тапанша, оған төрт оқ және пышақ тәркіленді. Заттай айғақтарға баллистикалық және дактилоскопиялық сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Ұсталғандар қамауға алынды.