Алматы қалалық сотынан хабарлағандай, ер адам 2 айға қамауға алынған.
иллюстарциялық фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Алматыда арықтан табылған әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Аталған дерек ҚР ҚК 99- бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қазір күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр»,- деді ҚР ІІМ.
Алматы қалалық сотынан хабарлағандай, ер адам 2 айға қамауға алынған.
«№2 Медеу аудандық соты ер адамды бұлтартпау шарасы туралы санкция шығарды. Енді ол 2 ай бойы, яғни 2018 жылдың 9-қыркүйегіне дейін қамауда болады. Оған қатысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімі бойынша іс қозғалды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.
Егер оның кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға 9-шілдеде болған еді. Әл-Фараби көшесіндегі арықтардың бірінен 26 жастағы әйелдің денесі табылған. Мұның алдында редакцияға қайтыс болған әйелдің танысы хабарласып, болған оқиғаны баяндап берген болатын. Оның айтуынша, келіншекті басқа қалада тұратын күйеуі өлтірген.