Олар балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен де айналысқан.
ERNUR.KZ. Алматы қаласының полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында заңсыз асырап алу мақсатында жаңа туған балаларды сату фактілерін анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және баласы жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
«Аталған факт бойынша кәмелетке толмағандарды сату бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деп мәлімдеді Шұғыла Тұрлыбек.