Алматыда белгісіз біреулер балдақ ұстаған ер адамды жабылып ұрып кетті (видео)

0
734

Видеодан бір топ адамның қолында балдағы бар азаматты қуып келе жатқанын көруге болады.


Алматыда белгісіз біреулер балдақ ұстаған ер адамды жабылып ұрып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде бір топ адамның балдақ ұстаған ер адамды соққыға жығып жатқан видеосы тарады, деп жазады stan.kz.

Видеодан бір топ адамның қолында балдағы бар азаматты қуып келе жатқанын көруге болады. Олар оны жаяу жүргіншілер жолына жеткенде ұстап алып аяусыз сабап, тепкінің астына алды. Төретуі жабылып ер адамның басынан тепкіледі. Ауыр соққы салдарынан ер адам жерде қимылсыз жатып қалды.

“Істі Алмалы аудандық әкімшілігі қолға алды деген ақпарат бар. Ал кінәлілер түк болмағандай бостандықта тайраңдап жүр. Бұл полиция қылмыскерлердің жағында екенін көрсетеді”, – делінген Egov.press Telegram-арнасындағы жазбада.

Болған жағдайға қатысты Алматы қаласының полициясы пікір білдірді.

“Алмалы аудандық полиция Басқармасы осы дерекке қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдіктілер анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта тергеудің жан-жақтылығы, толықтығы және объективтілігі қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық шаралар кешені жүргізілуде