Алматыда бір ғана мектеп дәстүрлі режимде жұмыс істейді

0
824

9 жылдық мектепте екі ауысымда 63 бала оқиды.


Алматыда бір ғана мектеп дәстүрлі режимде жұмыс істейді

ERNUR.KZ. Алматыдағы №197-інші мектеп білім күнін дәстүрлі сынып сағатымен бастады, деп хабарлайды Хабар24.

Медеу ауданына қарасты Сұлусай елдімекенінде орналасқан бұл білім ошағы қаладағы қалыпты жағдайда жұмыс істейтін жалғыз мектеп.

Бала саны аз болғандықтан білім басқармасы мен қалалық бас санитар дәрігер балалардың мектепке келіп оқуына рұқсат берген. 9 жылдық мектепте екі ауысымда 63 бала оқиды. Әр сыныптағы бала саны 6-дан аспайды. Мектепте барлық санитарлық талап сақталған. Ал ұстаздар саны – 19.


– Барлық сыныпта антисептиктеріміз және кварцтық лампаларымыз толықтай қамтамасыз етілді және әрбір қоңырауға шыққан уақытта әр сынып әр уақытта шығады, - дейді мектеп директоры Ұнық Сарыбаева.


Мектеп басшысының айтуынша, оқу орнында поликлиникадан бөлінген 2 медбике оқышыларды таңертең келген кезде дене қызуын тексереді екен.


– Менің немерем осы мектептің 2 сыныбында, қазақ сыныбында оқиды. Биыл біздің мектебіміз дәстүрлі сабақ өтуді бастап отыр. Біз ата-ана ретінде өте қуаныштымыз. Балалардың қауіпсіздігіне алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Біз оқу жылының осылай басталғанына өте қуаныштымыз, - дейді ата-ана Рыскүл Акимова.