17 жастағы келіншек түсік болды деп шағымданып, сәбиінен құтылған.
Алматыда полиция қызметкерлері аман алып қалған шақалақтың жағдайымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Құтқарылған сәбиді көруге ауруханаға полиция қызметкерлері Нұржан Шатунов пен Ғазиз Хамасқалиев барып қайтты. Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты ауыр деп отыр.
"Біз әріптестерімізбен бірге сәбиді “Батыр” деп атап кеттік, оның өмірі үшін үздік дәрігерлердің күресіп жатқандығын білеміз. Оларға көп рақмет. Балақай қазір жансақтау бөлімінде жатыр, оған қажетті заттарды алып келдік. Сәбиге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов.

Еске салайық, жаңа туған нәрестені полиция қызметкерлері 25 тамызға қараған түні Алматының Түрксіб ауданында құтқарып қалды.
17 жастағы келіншек түсік болды деп шағымданып, сәбиінен құтылған. Алайда тәртіп сақшылары сәбиді дәретхана шұңқырынан тауып алып, аман алып қалды.