Алматыда екіқабатты әкімшілік ғимарат өртенді

0
125

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бос тұрған әкімшілік ғимарат өртенген.


Алматыда екіқабатты әкімшілік ғимарат өртенді

ERNUR.KZ. 25 сәуірде кешке Алматы қаласының Түрксіб ауданында екі қабатты ғимарат отқа оранды, деп жазады Zakon.kz.



Өрт Громов көшесі, 15 үй мекен-жайында болған.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бос тұрған әкімшілік ғимарат өртенген.



Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткен ғимарат сырты қызыл жалынға оранғанын куәсі болды.

"Өрт сөндірушілер өртті тез арада оқшаулады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген ТЖД хабарламасында.