Алматыда қалалық аурухананың жанынан әйелдің мәйіті табылды

0
522

Алматы қаласының Полиция департаменті аталған фактіні растады.


Алматыда қалалық аурухананың жанынан әйелдің мәйіті табылды
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматының №1 қалалық емханасының жанында әйел адамның киімсіз мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады inform.kz.

Алматы қаласының Полиция департаменті аталған фактіні растады.

"Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ адамның мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа жағдайлар белгіленеді", - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда тұрғын үйдің кіреберісінде туысқанын өлтірген әйел ұсталғаны хабарланған болатын.