​Алматыда көлік жарылып, он жастағы қыз зардап шекті

0
2 116

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Ipsum көлігі Жандосов көшесімен шығыс бағытта жүріп келе жатқан.


​Алматыда көлік жарылып, он жастағы қыз зардап шекті

Алматыда Жандосов көшесінде төтенше жағдай болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Ipsum көлігі Жандосов көшесімен шығыс бағытта жүріп келе жатқан. Бір уақытта көліктің газ қондырғысы жарылған. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, көлік майысып қалды.

Жарылыс салдарынан көлікті ішінде отырған он жастағы қыз зардап шекті. Ол түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.