Алматыда коронавирус жұқтырған 60 бала ауруханада жатыр

0
500

Алматыда коронавирус жұқтырған 1451 науқас ем қабылдап жатыр.


Алматыда коронавирус жұқтырған 60 бала ауруханада жатыр

ERNUR.KZ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

11 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 238 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 223, симптомсыз – 15 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 25, келіп түскені – 99 «Инфекциялық стационарларда 1 451 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 60 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 150 адам жатыр. Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 79 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 29 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 091 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2958 науқас. 133 адамда коронавирус белгілері жоқ.