Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны артқан

0
520

Қазір балалар арасында жұқпаның 5%-ға өскені байқалады.


Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны артқан

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавиурсты кімдер жұқтырып жатқанын айтты, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, вирус жұқтырғандардың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыс істемейтін азаматтар – 26,1%, зейнеткерлер – 21,2%, ұйымдар, ЖШС, ЖК қызметкерлері – 20,3%, оқушылар – 13,1%.

Қазір балалар арасында жұқпаның 5%-ға өскені байқалады, студенттер – 3,4%-ға дейін, банктер мен сақтандыру компанияларының қызметкерлері – 2,8%-ға дейін және әскери қызметшілер – 1,3%-ға дейін. Халықтың қалған санаттары 1% шегінде,-деді ол.

Өткен аптада негізгі жұқтыру орындары сауда нысандары – 35%, қоғамдық көлік – 30%, отбасылардағы байланыстар – 16% және базарлар – 10% болған.

Өткен аптада коронавирус жұқтырғандардың негізгі үлесін 20-39 жастағы азаматтар – 27,9%, 40-59 жастағы азаматтар – 27,6%, 60 және одан жоғары жастағы адамдар – 22,3% құраған. 14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтырудың үлес салмағы - 16%-ға дейін өскен, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар - 2,7%.

Қалықова ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін бүгінгі 56,5%-дық көрсеткіш жеткіліксіз деп есептейді, сондықтан халықты вакцина алуға шақырды.

Бүгінде біз ұжымдық иммунитет деңгейінің 56,5%-ына жеттік, ол вакцина алғандардың 48,4%-ынан және ауырып жазылған адамдардың 8,1%-ынан тұрады. Бұл ретте вакцинациядан кейін сырқаттанғандардың үлес салмағы егу науқаны басталғаннан бері небәрі 0,3 %-ды – 3151 адамды құрады. Ал аурудың жаңа ауыр көтерілуінің алдын-алу үшін вакцинация арқылы, оның ішінде 9 ай немесе алты ай бұрын вакцинацияланған адамдар үшін қайталануы мүмкін- дейді Ә. Қалықова.