Биыл сәуір айында Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлады деген күдікпен қамалған болатын.
ERNUR.KZ. Алматы прокуратурасы некрофилияға күдікті ер адамға қатысты тергеу барысына түсініктеме берді, деп жазады ulysmedia.kz.
Әділет министрлігінің түсіндірмесі
Алматыда некрофилияға күдікті азаматтың ұсталғаны осы жылдың сәуір айының соңында белгілі болды. Бірнеше күннен кейін Әділет министрлігі жағдайға түсініктеме беріп, күдіктінің Сот сараптама орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасы жоқ екенін мәлімдеді. Ведомство өкілі мәйітханада күзетшінің 2022 және 2023 жылдары тендерді жеңіп алған жеке компанияда жұмыс істегенін айтты.
Алматы прокуратурасы 24 сәуірде “Мәйіттерді қорлау” фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Алайда қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу туралы қаулы шығып, тергеу тоқтады.
Сырқаты бар екені анықталса...
Қылмыстық-процестік кодексінің 45-бабының 7-бөлігінің 4-тармағы бойынша күдіктінің психикасында ауытқу немесе өзге де ауыр сырқаты бар екені анықталса, тергеу тоқтайды.
Еске салсақ, биыл сәуір айында Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлады деген күдікпен қамалған болатын.