Алматыда зейнеткерлерді жұмысқа орналастыру жобасы жүзеге асырылып жатыр.
фото: Алматы қаласының әкімдігі
ERNUR.KZ. "Алтын жас" жобасы аясында 2025 жылы зейнеткерлер үшін 1000 жұмыс орнын субсидиялау жоспарланған, деп жазады sputnik.kz.
Өткен жылы қолға алынған жоба аясында 700-ден астам зейнеткер жұмыспен қамтылған болатын. Биыл билік 1000 адамға дейін жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Жоба үш жылға қарастырылған. Алайда зейнеткер санкциясыз, өз қалауы бойынша шартты кез келген уақытта бұза алады. Қызметкерлер толық жұмыс күні, қашықтықтан және жұмыс уақытын өзіне икемді етіп жасай алады, - дейді ведомство.
Бағдарламаға қатысушылар Алматыда тұрақты тіркеуде болуы қажет.
Сондай-ақ қала әкімінің тапсырмасымен 2025 жылдан бастап "Jobcoach" жобасы іске қосылады. Жоба аясында 300 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.