Алматыда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі деп күтіледі

0
862

Сондай-ақ, синоптиктер бұршақ түседі деп болжайды.


ERNUR.KZ. Синоптиктер 14 мамырда Алматыда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтілетінін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала төбесінен көшпелі бұлт өтеді, күндіз нөсер жаңбыр жауады, арасында найзағай ойнайды. Батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күн күркіреген кездегі желдің екпіні 15-20 м/с жетеді."Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, синоптиктер бұршақ түседі деп болжайды.

Ауа температурасы түнде + 13+15°С, күндіз +20+22°С.

Алматы қаласының төтенше қызметі туристерден тауға бару жоспарын кейінге қалдыра тұруды сұрайды.