Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жаңадан салынып жатқан үйдің төбесінен полиция қызметкерінің құлап, қатты жарақат алғаны туралы видео тарады, деп жазады baq.kz.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, ол құрылысы бітпеген үй төбесіне шыққан жасөспірімдерге ескерту жасамақ болып көтерілген. Алайда төбеге шығу кезінде бір қабаттан келесіне көтеріле бергенде құлап кеткен.
Қазір полиция қызметкері ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Куәгерлердің айтуынша, ол жасөпірімдерді ұстамақ болғанда құлап кеткен.