Алматыда айналмалы шеңберден құлап мерт болған жас келіншек, өз-өзіне қол жұмсамас бұрын кішкентай қызын өлтіргені анықталды.
ERNUR.KZ. Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы әйелдің өліміне қатысты жағдайдың мән-жайы белгілі болды, деп жазады inform.kz.
Алматыда айналмалы шеңберден құлап мерт болған жас келіншек, өз-өзіне қол жұмсамас бұрын кішкентай қызын өлтіргені анықталды.
Алматы облысының полициясы ақпаратты растады.
«Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», – деп атап өтті ведомстводан.
Осыған дейін Алматыда әйелдің айналмалы шеңберден құлап, көз жұмғаны туралы жазған едік.