Алматыда троллейбус жүргізушісі екі баланы қағып кетті

0
422

​Самокат мінген балалар бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамаған, апат салдарынан жарақаттанған олар ауруханаға жеткізілді.


Алматыда троллейбус жүргізушісі екі баланы қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда Абай – Брусиловский көшелерінің қиылысында екі баланы троллейбус қағып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Жүргізуші мен оқиға куәгерлерінің айтуынша, №5 троллейбус Абай даңғылымен келе жатқан. Сол жердегі кептелісті пайдаланғысы келген балалар бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолға шығып кеткен.

Брусиловский көшесінен өткеннен кейін жүргізуші алдынан атып шыққан оларды кеш көреді: тежегішті басқанымен, троллейбус тоқтай алмай, екі баланы соғады.

Жол апаты салдарынан 2008 және 2009 жылы туған екі бала түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізіледі.

Жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.