​Алматыда «Үздік жас отбасы-2018»​ байқауы өтеді

0
2 474

«Үздік жас отбасы» байқауы 5 тамыз күні «SmArt.Point» кеңістігінде басталады


​Алматыда «Үздік жас отбасы-2018»​ байқауы өтеді

ERNUR.KZ. Алматыда алғаш рет «Үздік жас отбасы-2018» әлеуметтік бейнежазба бойынша байқау өтеді, деп хабарлайды Қаз Ақпарат.

Байқау мақсаты - жас жанұялардың шығармашылық қырын ашып, бұл бастамаға ел аймағындағы отбасыларды тарту. Бейнежазбаға отбасылық саясат, отбасын сақтау мен бірлігін нығайту, дәстүрді берік ұстану, демография мәселелері төңірегіндегі сұрақтар арқау бола алады.

«Үздік жас отбасы» байқауы 5 тамыз күні «SmArt.Point» кеңістігінде басталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыс тату-тәтті отбасы үлгісін қалыптастырып, қоғамның көзқарасын жаңартады.

«Жас әрі креативті шаңырақ иелері өз таланттарын дәлелдеп қана қоймай, бірлесіп жасаған туындыларынан ләззат алып, адамдармен қарым -қатынас шеңберін кеңейте алады. Сайыскерлердің жұмысын Алматы мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген, әнші, екі баланың әкесі Медеу Арынбаев, блогер, екі баланың анасы Сабира Жарасқызы сынды қазылар бағалайды. Байқау жеңімпазына 200 000 теңгеге дейін отбасылық техникаларды сатып алу мүмкіндігі беріледі», - деді ұйымдастырушы «Еріктілер Лигасы» қоғамдық қорынан.