Жол апаты салдарынан бірнеше адам зардап шеккен, олардың ішінде бала да бар.
ERNUR.KZ. Алматыда Райымбек даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды tengrinews.kz сайты СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, Mercedes-Benz жүргізушісі Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, белгісіз себептермен қарсы жолаққа шығып кеткен. Нәтижесінде оңтүстік бағытта келе жатқан Mercedes-Benz W211 жүргізушісімен соқтығысқан. Алған соққыдан Mercedes LADA көлігіне қарай ұшып кетіп, манипуляторға барып соғылған.
Кейінірек Mercedes-Benz жүргізушісі Toyota көлігіне барып соғылған. Салдарынан Toyota № 57 бағыттағы автобусқа қарай ұшып кетіп, біраз уақыттан соң Nissan көлігіне барып соғылған. Жол апаты салдарынан бірнеше адам зардап шеккен, олардың ішінде бала да бар.