Алматыдағы автобус апаты: жеңіл көлік жүргізушісі 2 ай үйқамақта болады

0
364

Ол бұған дейін жеңіл көлікті басқарған әйелдің тергеу кезінде тергеу изоляторына 2 айға орналастырылғанын және Анель Сартаеваның 4 айлық баласы бар екенін жазған болатын.


Алматыдағы автобус апаты: жеңіл көлік жүргізушісі 2 ай үйқамақта болады

ERNUR.KZ. Алматыдағы Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысындағы автобус апатына күдікті деп танылған жеңіл көлік жүргізушісі Анель Сартаева тергеу уақытында үй қамағында болады, деп жазады kaz.inform.kz.

Бұл туралы Анель Сартаеваның адвокаты Қанат Алсейіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Ол бұған дейін жеңіл көлікті басқарған әйелдің тергеу кезінде тергеу изоляторына 2 айға орналастырылғанын және Анель Сартаеваның 4 айлық баласы бар екенін жазған болатын.

“Апелляция өтті. Қалалық сот жеке шағымды объективті және жан-жақты қарады. Бұрын таңдалған қамауда ұстау түріндегі шара жойылды. Жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Ол тергеу кезеңінде үй қамауында болады және баласына қамқорлық жасай алады”, - деп жазды адвокат.