Директор Болат Мыңбаев алғашқы қоңырауда бірінші сынып оқушыларын қолдау мақсатында олармен бірге биледі.
ERNUR.KZ. 2 қыркүйекте Алматыдағы №209 мектеп директорының билеген видеосы желіде тарап, көпті сүйсіндірді, деп жазады stan.kz.
Директор Болат Мыңбаев алғашқы қоңырауда бірінші сынып оқушыларын қолдау мақсатында олармен бірге биледі. Сол кезде оны көпшілік видеоға түсіріп алса керек.
Белгілі болғандай, мектептің бұл күнгі шарасына әнші Айжан Нұрмағанбетова келген.
Болат Мыңбаевтың 37 жаста екені белгілі болды. Ол тарих пәнінің мұғалімі екен. Оның педагогикалық өтілі – 16 жыл.