Алматылықтар автобуспен тегін жүреді

0
1 434

Алматы әкімдігінің болжамы бойынша Президент сайлауы күні 700 мың тұрғын автобуспен және метромен тегін қыдырады.


Алматылықтар автобуспен тегін жүреді

ERNUR.KZ. 9 маусым – ҚР Президентін сайлау күні Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды, деп жазады baribar.kz.

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, бұл күні Алматыда “Ашық есік күні” әлеуметтік акциясы ұйымдастырылады. Оған барлық қалалық автобус бағыты мен метрополитен қатысады.

Бұл күні қоғамдық көлікте 700 мың тұрғын тегін жүреді деп шамалап отырмыз. “Ашық есік күні” акциясы – тасымалдаушылар тарапынан халықты әлеуметтік қолдау. Бұл сайлаушылардың азаматтық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді, – дейді Алматы жолаушы тасымалы кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері.

Акцияға қатысатын қалалық автобус бағыттары:

№1, 2, 3, 4, 5, 5а, 5б, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 34, 36, 37, 38, 40, 41, 44, 45 46, 47, 48, 50, 51, 52, 54, 56, 57, 59, 60, 62, 63, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 77, 78, 79, 80,81, 85, 86, 88, 92, 95, 98, 99, 102, 103, 104, 106, 107, 108, 111, 112, 113, 115, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 131, 135, 137, 141, 201, 202, 203, 104а, 109а, 131а, 29р, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 1-тп, 5-тп, 7-тп, 9-тп, 11-тп, 12-тп, 19-тп, 25-тп.