Алтай Көлгінов газ тарату желілерінің құрылысымен танысты

0
801

Қаланы газдандыру үш кезеңнен тұрады.


Алтай Көлгінов газ тарату желілерінің құрылысымен танысты

ERNUR.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов газ тарату желілерінің құрылыс барысымен танысты, деп жазады Елорда Инфо.

Қаланы газдандыру үш кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда бірінші кезек бойынша құбырларды тарту мен газ реттегіш пункттерінің дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның бірінші кезегінде газ реттегіш желілерінде ЖЭО-1, 2, 3, «Көктал-1, 2» т/а, Агрогородок, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығысқа (оң және сол) дейін газ беруді жоспарлап отыр. Үйлердің саны 13,5 мыңды құрайды.

Келесі кезең бойынша Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3-ші ПК), Пригородный, Garden Village және Family Village-ге (4-ші ПК) газ жүргізіледі. Үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ПК), Шұбар (3-ПК), Өндіріс (4-ші ПК) тұрғын алаптары газдандырылатын болады.

Газ жүргізу – қалаға зиянды қалдықтардың шығарылуын 6 есеге, қатты заттектерді 40 мың тоннаға азайтады.