15 мамырда Асхат Хасенов "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалған болатын.
ERNUR.KZ. Асхат Хасенов ресми түрде "ҚазМұнайГаз" басшысы болды, деп жазады tengrinews.kz.
28 мамырда өткен компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып Асхат Хасенов тағайындалды. Сондай-ақ, Хасенов "ҚазМұнайГаз" АҚ директорлар кеңесіне де сайланған.
Еске салайық, 15 мамырда Асхат Хасенов "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалған болатын.