Астана тұрғындары отшашудың астында қалды: Полиция құқық бұзушыны ұстады

0
2 695

Құқық бұзушыға қатысты 436-бап (Пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Астана тұрғындары отшашудың астында қалды: Полиция құқық бұзушыны ұстады

Әлеуметтік желіде елордалықтардың отшашудың астында қалғанын көрсететін видео тарап жатыр, деп жазады Stan.kz

"Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп, оның барысында елдi мекенде белгiленбеген жерлерде пиротехникалық бұйымдарды пайдаланған тұлға анықталды", - деп хабарлады Астана полиция департаментi.


Құқық бұзушыға қатысты 436-бап (Пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапқа сәйкес пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (шамамен 73 мың теңге) айыппұл салу қаралған.

"Жиналған материал Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қаралып, шешім қабылдау үшін жіберілді", - деп қосты полиция.