Астанада LRT-ның құрылысы қайта басталды

0
1 036

Арқалықтар құйылған соң беріктігі тексеріледі, содан кейін ғана уақытша конструкциялар алынады.


 Астанада LRT-ның құрылысы қайта басталды

ERNUR.KZ. City Transportation Systems (CTS) компаниясы Астана көшелерінде орнатылып жатқан темір конструкцияларға қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі кезде әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі LRT желісінің барлық учаскесінде эстакада мен станцияның темірбетон конструкцияларын орнату жұмыстары басталды.
"Осыған байланысты Тәуелсіздік даңғылы мен Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысында, сондай-ақ Сауран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында уақытша конструкцияларды құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іс-шаралар жеке типтегі монолитті арқалықтарды орнату үшін жүргізіледі. Жоба бойынша осы арқалықтардың құрылысы қолданыстағы кең даңғылдарды қиып өтетін жерде қарастырылған", - дейді компания мамандары.
Арқалықтар құйылған соң беріктігі тексеріледі. Содан кейін ғана уақытша конструкциялар алынады. Барлық жұмыс 30 қарашаға дейін аяқталады деген жоспар бар. Компания қала тұрғындары мен автокөлік иелерінен қалыптасқан жағдайда түсіністікпен қарауды сұрады.