Астанада тұрғын қызғаныштан екі қызды соққыға жыққан

0
833

27 тамызға қараған түні Бейбітшілік көшесінің бойында болған.


Астанада тұрғын қызғаныштан екі қызды соққыға жыққан

ERNUR.KZ. Астанада белгісіз әйел екі қызды ұрып кеткен, деп жазады tengrinews.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 26 тамыздан 27 тамызға қараған түні Бейбітшілік көшесінің бойында болған. Белгісіз әйел екі қыздың басынан доғал затпен ұрған және бір қыздың қабағын жыртып жіберген.

Қыздың айтуынша, ол құрбысымен үйдің кіреберісінде отырған, осы кезде көрші ер адам келіп, қыздардан телефон арқылы біреуге хабарласып жіберуін өтінген. Қыздар телефонын берген.

Кейін қыздар балалар алаңына барып отырғанда жандарына бір ер адам мен екі әйел жақындаған. Әйелдердің бірі қыздарды ұрып-соға бастаған. Бұл кезде басқалары қарап тұрған. Жәбірленушінің айтуынша, әйел күйеуін қызғанған.

Елорда полицейлері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша Сарыарқа аудандық полиция бөлімі өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша соталды тергеуді бастағанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.