Астанадағы автобустың қатысуымен болған апат: Төрт жолаушыға ота жасалды

0
201

Қазір науқастар дәрігерлердің бақылауында.


Астанадағы автобустың қатысуымен болған апат: Төрт жолаушыға ота жасалды

Фото: Astanovka98 Telegram-арнасынан

ERNUR.KZ. Астанада автобустың қатысуымен болған жол апаты салдарынан төрт жолаушыға ота жасалды, деп жазады Stan.kz.



Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 21 ақпанда автобус бағанға соғылған соң №1 қлалық көпбейінді ауруханаға 15 адам жеткізілген.

"Тексеріс нәтижесі бойынша 8 адам үйіне амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. 7 науқас емді әрі қарай жалғастыру үшін ауруханаға жатқызылды. Соның ішінде 4 адамға ота жасалды", – делінген басқарма хабарламасында.

Қазір науқастар дәрігерлердің бақылауында. Ал автобус жүргізушісінің жағдайы орташа ауыр деңгейде деп бағаланды.

"Ота жасалды. Жалпы жағдайы орташа ауыр деңгейде, тұрақты. Жарақат бөліміне жатқызылды", - деп қосты басқарма өкілдері.