Дертке шалдыққан баласын темірмен ұрған Щучинск тұрғыны айыппұлмен құтылып кетті

0
110

2024 жылдың қазан айында С. баланың аяғын темір ұсақтағышпен ұрып, денесіне зақым келтірген.


Дертке шалдыққан баласын темірмен ұрған Щучинск тұрғыны айыппұлмен құтылып кетті

Фото: 5-tv.ru

ERNUR.KZ. Дертке шалдыққан баласын ұрып-соғып жүрген Щучинск тұрғыны айыппұлмен құтылып кетті, деп жазады ulysmedia.kz.

Бурабай аудандық сотында кәмелетке толмаған баласын қатыгездікпен қараған, бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін С.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта Щучинск қаласының тұрғыны С. 2022 жылдың наурызында психикалық ауру диагнозымен 2014 жылы туылған кәмелетке толмаған баланы патронаттық тәрбиелеуге алып, оны тәрбиелеу және оған қамқорлық жасау жөніндегі міндеттерді өз мойнына жүктеп, баланы жие ұрып-соғып жүрген.

Осылайша, 2024 жылдың қазан айында С. баланың аяғын темір ұсақтағышпен ұрып, денесіне зақым келтірген.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, баладада сызаттар, тыртық түрінде дене жарақаттары анықталды. Жаза тағайындауда сот ауырлататын мән-жай деп кінәліге тәуелді дәрменсіз балаға қатысты қылмыстық теріс қылық жасағанын ескерді.

Сот үкімімен С.-ға педагогикалық лауазымдарды атқару немесе кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға айыра отырып, 80 АЕК (295 360 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.