Астанадағы жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

0
1 020

15 наурыз күні кешқұрым Астанада Алаш тас жолы бойындағы «МолПродуктсервис» ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында газ баллоны жарылған болатын.


Астанадағы жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

ERNUR.KZ. Елордалық дәрігерлер газ баллонының жарылысынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Кеше кешкі сағат 18:01-де біздің ауруханаға газ баллонының жарылысынан зардап шеккен екі адам түсті. Оның бірі ер адам, екіншісі - әйел. Тексеру көрсеткендей, олардың тыныс алу жолдары ауыр зақымданған және денелерінің 50-70% күйік шалған (әйел 70%, ер адам 50%). Қазіргі уақытта екі пациенттің де жағдайы нашар. Олардың өмірін аман алып қалу жолында барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Басқа болжамдарды жасау әлі ерте. Оның үстіне, зардап шеккендер әлі тілге келген жоқ», - деді Астана қалалық №1 аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Алексей Солод.

Айта кетейік, үшінші зардап шегуші Травматология жəне ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді.

15 наурыз күні кешқұрым Астанада Алаш тас жолы бойындағы «МолПродуктсервис» ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында газ баллоны жарылған болатын. Салдарынан 3 адам зардап шекті.

Түнгі сағат 01.18-де үйінділердің астынан әйел адамның денесі табылды.