Астананы су басты: «Elorda eco system» директоры қызметінен кетті

0
453

2023 жылы жерүсті ағын суын бұру үшін нөсер суын қабылдайтын 2,5 км магистральды желі салу жоспарланып отыр.


Астананы су басты: «Elorda eco system» директоры қызметінен кетті

ERNUR.KZ. «Elorda eco system» директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы қала әкімдігінен мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қаланың нөсер суын қабылдайтын кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі және салдарынан кейбір учаскелерді су басуға жол берілгені үшін «Elorda eco system» директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды. Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Elorda eco system» алдына жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылды, Атап айтқанда, бұлар: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және тағы басқалары», - делінген әкімдік мәліметінде.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, 2023 жылы жерүсті ағын суын бұру үшін нөсер суын қабылдайтын 2,5 км магистральды желі салу жоспарланып отыр. Осыған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су басу мәселесі шешілген.

Еске салайық, кеше Астанада жаңбыр салдарынан кейбір көшелерді су басқан болатын. Салдарды жоюға 100-ден астам техника жұмылдырылды.