Атырау қаласының қақ ортасында бықсыған өрт 10 күннен бері өшірілмеген

0
504

Қоқысқа толған карьердегі өрт 8 мамырдан бері бықсып жанып жатыр.


Атырау қаласының қақ ортасында бықсыған өрт 10 күннен бері өшірілмеген

ERNUR.KZ. «Қаланың қақ ортасындағы карьерде бықсып жатқан өрттен бір апта бойы түтін жұтудамыз. Өрт сөндіру қызметі мен арнаулы автобаза жауапты бір-біріне сілтеп отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

№36 көшедегі қоқысқа толған карьердегі өрт 8 мамырдан бері бықсып жатыр. Ара-тұра өрт тұтанып кетеді.

Осы жағдайға қатысты Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Нұржан Жақатаев пікір білдірді.

«36 көшедегі карерьге төгілген қоқыс өрті бір аптадан бері жалғасып жатыр. 101 бөліміне қоңырау түскен кезде алдымен Өрт сөндіру тобының кезекші жасағы бірінші жетіп, жағдайға барлау жасайды. Содан кейін бұл жерге арнаулы автобазаның арнайы техникасын шақыртып, бықсыған өртті топырақпен көму жұмыстары жүргізіледі. Сол жердегі тұрғындардың айтуынша, карерьге түнде белгісіз жүк көліктері қоқыс төгіп кетеді», - дейді басқарма басшысы.

Жақатаевтың айтуынша, қазір қалалық әкімдікпен бірлесіп карерьге жақын жердегі бейнебақылау камераларды тексеріп, тұрғындармен және сол маңдағы құрылыс жүргізіп жатқан жұмысшылармен карерьге қоқыс тастамау туралы түсінік жұмыстары жүргізілуде.