Препарат енгізілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң әсер ете бастайды және алты ай бойы біртіндеп бөлініп тұрады.
Сурет: pixabay
China Daily мәліметінше, аталмыш "айықтыру чипі" — бұл алкогольге тәуелділікпен күресуге көмектесетін дәрі-дәрмекпен толтырылған түйіршіктер жиынтығы. Капсулалар дәрілік затпен бірге тері астына кішкентай тілік арқылы енгізіледі. Оның құрамында спиртке құмарлықты азайтып, рецидивтің алдын алуға көмектесетін налтрексон бар.
Түйіршіктер ұзындығы шамамен 1 см болатын тілік арқылы жергілікті анестезиямен енгізіледі. Процедура бес минуттан артық уақыт алмайды. Препарат енгізілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң әсер ете бастайды және алты ай бойы біртіндеп бөлініп тұрады.
"Бұл пациентке бұрынғы әдеттеріне қайта оралудан сақтануға көмектеседі", – делінген басылымда.
Ең бірінші науқас — 40 жастағы ер адам, ол 20 жыл бойы күн сайын алкоголь тұтынған. Алғашында аз мөлшерде ішсе, уақыт өте келе күніне жарты литрден артық ішімдікке дейін жеткен. Ішімдіктен бас тартуға тырысқанда, мазасыздық, діріл және басқа да абстиненттік синдром белгілері пайда болған. Осы жылдар ішінде ол тоғыз рет ауруханаға түскен.