Атырау облысында 24 жастағы жігітті бірнеше күн іздеп жатыр

0
651

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары іздестіру жүргізіп жатыр. Оған жергілікті тұрғындар да қатысады.


Атырау облысында 24 жастағы жігітті бірнеше күн іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылында тұрғындар төртінші күн бойы 24 жастағы жігітті іздеп жатыр, деп жазады zakon.kz.

20 қараша күні таңғы сағат 05.00-де азамат Т үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бұл туралы жігіттің жақындары облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне ақпарат берді.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары іздестіру жүргізіп жатыр. Оған жергілікті тұрғындар да қатысады.

Қаракөл ауылы Жамбыл ауылдық округіне қарасты №10 өрт сөндіру бекетінен 90 шақырым жерде орналасқаны көрсетілген.