Атырау облысында шенеуніктердің былығы ашылды

0
593

Исатай ауданына іссапармен барған Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Ерлан Досанов Аққыстау ауылында анықталған заң бұзушылық туралы айтты.


Атырау облысында шенеуніктердің былығы ашылды
ERNUR.KZ. Атырау облысында шенеуніктер көпбалалы отбасыларға арналған үйді салу кезінде 330 миллион теңгеге атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қойған. Алайда шын мәнінде ештеңе істелмеген, деп жазады sputnik.kz.
Исатай ауданына іссапармен барған Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Ерлан Досанов Аққыстау ауылында анықталған заң бұзушылық туралы айтты.
"Ол жерде 60 пәтерге шақталған үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы кезінде мемлекеттік бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды. Исатай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары атқарылған жұмыстар туралы жалған актіге қол қойған. Бұл дегеніміз, тапсырыс беруші ақшаны төлеп қойған, ал үш тұрғын үй бойынша 330 миллион теңгенің жұмысы жасалған жоқ", - дейді Досанов.

Тұрғын үй әлі пайдалануға берілген жоқ. Ал мердігер өзіне жүктелген міндеттерден босатылмады. Осыған байланысты департамент бюджет қаржысын жымқыруды болдырмау мақсатында облыс басшылығына хат жолдап, мердігерді бақылауға алуды талап етті. Департаментке жауап келді. Оған сәйкес, барлық кемшілік жойылды. Соған қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылыс нысанын пайдалануға беру барысын бақылауға ұстайды.