Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті

0
487

Құтқарылған шетелдіктер жедел медициналық жәрдем бригадасына берілді.


Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті, деп жазады sputnik.kz.

"Атыраудан Ақтөбеге қатынайтын жолдың Мақат ауданының аумағындағы бөлігінде көлік өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өртенген көліктен үш адамды алып шықты. Олар – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Құтқарылған шетелдіктерге жедел медициналық жәрдем бригадасы көмектесті", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.

Қазір құтқарушылар көлік өртінің шығу себебін анықтауға кірісті.