Атырау облысында Жайыққа батып кеткен жеті жастағы баланың мәйіті табылды

0
587

Бірінші сынып оқушысы абайсызда өзенге құлап, қайтып шыға алмаған.


Атырау облысында Жайыққа батып кеткен жеті жастағы баланың мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Атырау облысында 7 жастағы бала Жайық өзеніне батып кетті, деп жазады Экспресс К.

Атырау қаласының іргесіндегі Қызылбалық ауылында қайғылы оқиға болды. Бірінші сынып оқушысы абайсызда өзенге құлап, қайтып шыға алмаған. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"15 тамыз күні түс ауа Атырау қаласы Қызылбалық ауылында Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен 2015 жылы туған баланың денесі Жайық өзенінен табылып, судан шығарылды. Жеті жастағы бала 14 тамыз күні сағат 21.00-де абайсызда жағада тұрған катерден құлап, батып кеткен", — деді Атырау облыстық ТЖ департаменінің баспасөз қызметіндегілер.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 4 құтқарушыны мен бір қайық бекітілген. Сонымен қатар, полиция басқармасынан 2 қызметкер және жергілікті жиырмаға тарта тұрғын қайықпен іздеуге жұмылдырылған.

Атырау облысының төтенше жағдайдар департаменті барша тұрғындарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертіп отыр.