Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты, деп жазады baq.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 шілде күні сағат 23:00 шамасында болған.
Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тасжолының 19-шақырымында Toyota Prada және ВАЗ көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, – делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.