Атырауда 9 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды

0
738

Қару сақтаған жас жігіттер 23-27 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындары болып шықты.


Атырауда 9 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды

ERNUR.KZ. Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау қаласы аумағында түрлі атыс қаруларын заңсыз сақтау және тасымалдаумен айналысқан 9 адамды ұстады, деп жазады Экспресс К.

Қару сақтаған жас жігіттер 23-27 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындары болып шықты.

"Тексеру кезінде 1996 жылғы күдіктіден серия нөмірі өшірілген тапанша, ал 1997 жылғы күдіктіден травматикалық тапанша тәркіленді. Сондай-ақ, Сәтпаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінен 3 дана атыс қаруы мен 2 дана шолақ мылтық пен оқ-дәрі табылды", — деп мәлімдейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазір бір атыс қаруы өткен жылы Алматы қаласында болған пәтер ұрлықтарының бірінде жоғалған қару ретінде тіркелгені анықталған. Сондай-ақ тәркіленген барлық қаруға сараптама тағайындалды.

Күдіктілердің екеуі бұрын да қарумен жасалған бұзақылық фактісі бойынша істі болғандығы анықталып отыр.

Қазіргі таңда ҚК 287-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.