Ер адамның тірі екені әзірге белгісіз.
фото: кадрдан
ERNUR.KZ. Атырауда көшеде пышақ ұстап, екі адамға шабуыл жасамақ болған жігіт жүк көлігінің астына секіріп кетті, деп жазады Azattyq Ruhy.
Оқиғаның видеосы Telegram-дағы Qumash каналында жарияланды. Полиция қазір осы оқиғаға қатысты «Өзін өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша тергеуді бастады.
«Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Ер адамның тірі екені әзірге белгісіз.