Атырауда салынатын саябаққа тұңғыш президенттің аты берілмейтін болды

0
486

Жобаның жалпы құны 6 млрд 314 млн 754 мың теңгені құрайды.


Атырауда салынатын саябаққа тұңғыш президенттің аты берілмейтін болды

ERNUR.KZ. Атырауда тутұғырдың артқы жағынан салынатын жаңа саябақтың құрылысы биыл күзде басталады. Сондай-ақ, саябаққа тұңғыш президент есімі берілмейді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жобаның жалпы құны 6 млрд 314 млн 754 мың теңгені құрайды.

Мұнайлы шаһарда 2022 жылы 7 субұрқақ, балалар ойнауға арналған алаңдар, спорттық жаттығу алаңдары, амфитеатр, т.б қарастырылған заманауи саябақтың бой көтеретіні туралы жыл басында хабарланған. Ал қазір құрылыстың шаңы байқалмаған соң оның биыл салынарына күмәнданған оқырмандар редакцияға хабарласты.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, саябақ алғашында тұңғыш президент саябағы болады деп жобаланып, ішіне көптеген ерекше дүниелер енгізу жоспарланған. Алайда кейін шығынды азайту мақсатында жобаға қайтадан түзетулер енгізілген. Атап айтқанда, амфитеатр және басқа да бастапқыда жоспарланған ерекше дүниелер болмауы мүмкін.

Саябақ жобасы биыл 25 шілдеде сараптамадан өтіп, оң қорытындысы алынды. Құрылысты бастау 2022 жылдың қазан-қараша айына жоспарланған. Ұзақтығы 9 ай.