Атыраулықтар Kcell ұялы байланыс операторын сотқа берді

0
452

Арызданушылардың пікірінше, компания келісімге тарифтердің біржақты өзгеруі туралы тармақты енгізу арқылы қазақстандықтардың құқығын бұзып отыр.


Атыраулықтар Kcell ұялы байланыс операторын сотқа берді

ERNUR.KZ. Атырау тұрғындары Kcell ұялы байланыс операторына қарсы сотқа арызданды, деп жазады ulysmedia.kz.

"Атырау облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті "Қара шаңырақ Қазақстан" ҚБ-мен бірлесіп тарифтік жоспардың өзгеруіне байланысты Kcell ұялы операторына қарсы арызданды", – деп жазды At Press басылымы.

Арызданушылардың пікірінше, компания келісімге тарифтердің біржақты өзгеруі туралы тармақты енгізу арқылы қазақстандықтардың құқығын бұзып отыр.

Келісімшартқа сәйкес, оператор жоспар өзгергенге дейін кемінде 30 күн бұрын пайдаланушыға қысқа хабарлама жіберуі тиіс. Компания өз қызметтерін пайдалануды жалғастыруды тарифтің өзгеруіне келісім деп санауы мүмкін. Сарапшылар үнсіздікті келісім ретінде қабылдауға болмайды, ал компанияның қызметтерін пайдалану растау ретінде қабылданбайды деп санайды.

"Абонент келісімшарт талаптарының өзгеруі туралы білмеуі және бұл ретте байланыс қызметін пайдалануды жалғастыруы мүмкін. Әр түрлі себептерге байланысты (жасы, интернет-қызметтердің қолжетімділігі және басқа да жағдайлар) барлық абоненттер интернет желісін пайдалана алмайды", - делінген арызда.

Абоненттер Kcell компаниясының әрекеттерін заңсыз деп тануды және оны келісімнен тарифті біржақты өзгерту туралы тармақтарды алып тастауды міндеттеуді талап етеді.

Басылым тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті оператордан қымбат тарифке негізсіз ауысқан пайдаланушыларға тарифтер арасындағы айырмашылықты қайтаруды талап ететінін атап өтті.