Ауыл тұрғынын камера алдында кешірім сұратқан әкім жазаға тартылады

0
720

Егіндібұлақ ауылында қар жауғанын видеоға түсіргені үшін ауыл тұрғынын кешірім сұратқан.


Ауыл тұрғынын камера алдында кешірім сұратқан әкім жазаға тартылады

ERNUR.KZ. Құндыкөл ауылдық округінің әкімі Самат Ибраев қызметкерінің орынсыз әрекеті үшін Егіндібұлақ ауылының тұрғынынан кешірім сұрады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ауыл әкімі Самат Ибраев ауылдасына көмек ұсынғанын, бірақ ол бас тартқанын айтты.

«Оған түсініктеме беруді ұсындық, кейін аудан әкімінің әлеуметтік желілердегі өтініштерге ден қою туралы тапсырмасын орындай отырып, видеоны WhatsApp-тағы әкімдік тобына жібердім. Бірақ түсініктеменің орнына ол кешірім сұрады» - деді әкім.

Сонымен қатар, бағыныштының бұл әрекеті аудан әкімі Қанат Кәрімовті таң қалдырды. «Күрек алып, жұртты шақырып, жалғыз тұратын зейнеткерге көмектесудің орнына түсініктеме алуға келген». Ол атқарылған жұмыстар туралы фото және бейне есебін талап ететінін растады.

«Қардың қалың түсуіне байланысты біз техногендік сипаттағы ТЖ жарияладық, ауыл әкімдеріне әлеуметтік желілердегі жағдайды бақылап, шаралар қабылдау командасын бердік. Әркім өзінше түсінді. Майқайың әкімі видеода Үшқұлында жол жоқ екенін айтып, техника ұйымдастырып, жолды тазалаған», - деді аудан әкімі.

Қанат Кәрімовтің айтуынша, Құндыкөл ауылдық округінің әкімі тәртіптік жазаға тартылады.

«Бүгін таңғы сағат 8-де мен Майя Манашеваның үйінде болдым, оның алдында кешірім сұрап, күйеуімен сөйлестім. Самат Ибраев дұрыс жасамады. Егіндібұлаққа біз техника жібердік, ол осы әйелдің ауласын ғана емес, бүкіл ауылды қардан тазартады», - деді ол.

Айта кетейік, Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғыны қалың қар жауғанын видеоға түсіргені үшін камера алдында жергілікті әкімнен кешірім сұрауға мәжбүр болған.