​"Аузыма коньяк құйды": Шымкентте жас қызды алып қашқан жігіт қорлық көрсеткен

0
8 962

Мені жыныстық қатынасқа түсуге зорлады, шешесі, баласы екеуі. Аузыма қинап коньякты да құйып, есіңді білмесең бәрі жақсы болады деді


​

ERNUR.KZ. Шымкентте 19 жасар бойжеткенді алып қашып, ақырында оның мертігуіне себеп болған жігіт қамалған жоқ, деп жазады ktk.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, 21 жастағы жігіт пен оның шешесі үйіне келгенде, қыздың аузына қинап шарап құйған көрінеді. Артынша, қызды зорлапты. Ал бұған шыдамаған бойжеткен өзін өлтірмекші болып үшінші қабаттан секірген.

Өзінің сұрауымен Аяжан деп атын өзгертіп, жүзін де көрсеткісі келмейтін қыздың әлпетінде сау-тамтық жоқ. Бетіндегі тілік үшінші қабаттан секіргенде темірге ілінгеннен пайда болған. Даяшы боп жүрген бойжеткен қайғылы жәйтке ас ішуге келген ересек азаматтар мен әйелдердің себеп болғанын айтады. Яғни телефонын алып, бірнеше рет қызға келгіштеген Сұлтан есімді жігіт бірнеше күннен соң алып қашыпты. Нағыз сұмдық содан кейін басталған.

Аяжан, жәбірленуші:

-18-нен сол 31-не дейін сол үйде болдым. Олар мені жыныстық қатынасқа түсуге зорлады, шешесі, баласы екеуі. Аузыма қинап коньякты да құйып, есіңді білмесең бәрі жақсы болады деді. Аяғымнан сүйреп жатқызды. Қыздығымды алды. Бойжеткен үйіме қашудан да қорықтым дейді. Отбасына келетін ұяты тағы бар. Оның үстіне қорқытып өз еркімен келгені туралы хат та алып қойған екен. Сүймейтін жігіттен ақыры өліп құтылмақшы болыпты.

Аяжан, жәбірленуші:

-Өлгім келіп неше түрлі дәрі іштім. Бірақ, еш жеріме зиян келмеді. Сөйтіп, оның сөздері жүрегімді ауыртып кетті. Өмір сүргім келмей кетті.

Үшінші қабаттан құлаған кезде де ауруханаға бойжеткенді көршісі әкеліпті. Омыртқасына зақым келіп, басы мен аяғы жараланған. Ал анасының айтуынша, күйеу жігіттің туыстары мұнымен де қоймай, енді сырттай оқитын студент қыздың Арыстағы отбасына да барып, ауруханаға да келіп, қоқаң-лоққы жасап жатқан көрінеді.

Анасы:

-Қызың коньяк сұрап ішкен. Әкесі сөйтті маған. Қызың қыз болмай келген деді.

Алып қашқандар тәртіп сақшыларын «терезе жуып жатып құлап кетті» деп қайтарған көрінеді. Тек, адвокат араласқан соң ғана «өз-өзіне қол салу» бабымен іс қозғаған полицейлер енді тағы екі бап қосып отыр.

Әсел Сәденова, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

-Өз-өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жасар қыздың жәйтіне қатысты қылмыстық кодекстің қосымша 120-шы бабы «зорлау» және 126-шы «заңсыз бас бостандығынан айыру» баптары бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Алайда, күйеу жігіт Сұлтанның қамалмай отырғанына наразылық танытқан Аяжанның жақындары бойжеткенді қорлаған әке-шешесі де жазасын алсын деп отыр. Ол үшін соңына дейін барамыз деген олар қазір тағайындалған сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарының соңын күтпекші. Бөлісу: