Автобустың аударылуына кінәлі шымкенттік жүргізуші ұсталды

0
1 835

Жол апатының салдарынан оқиға орнында жолаушы қыз қаза тапты.


Автобустың аударылуына кінәлі шымкенттік жүргізуші ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы-Ташкент тас жолында бір қыздың қазасына және 41 адамның зардап шегуіне алып келген жол апатына кінәлі жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы – Тараз автожолында ірі жол апаты 1 шілдеде болды. Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарлама полицияға сағат 22.00-де түскен.

"Алматы қаласынан туған қаласына бет алған 25 жастағы шымкенттік жігіт Алға ауылының маңында "Қауіпті бұрылыс" ескерту белгісі орнатылған жерде Kaessbohrer автобусының рөліне ие бола алмай қалып, жолаушылар автобусы оң бүйіріне аударылып қалады", — деп хабарлады департаменттегілер.

Жол апатының салдарынан оқиға орнында жолаушы қыз қаза тапты. Жарақат алған 41 адам Қордай аудандық ауруханасына жеткізілді, оның ішінде алтауы хирургиялық бөлімшеге түскен.

Қазір аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі "абайсызда адам өліміне алып келген жол қазғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.