Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторынан босатылмады

0
439

Соттың келесі отырысы 27 қазанға белгіленген.


Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторынан босатылмады

ERNUR.KZ. 21 қазанда Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, отырыс барысында Хаменованың адвокаты Игорь Вранчев тергеу изоляторындағы қорғаушысына қатысты бұлтартпау шарасын үй қамағына немесе кетпеу туралы қолхатқа өзгерту туралы өтініш білдірген.

Хаменова бұл өтінішті қолдаған.
"Білмеймін, мүмкін адамдар өздерін жақсы сезінетін шығар, бірақ әр сағат, күткен әрбір сәт - уақыт, бұл адам тағдыры, сондықтан құрметті сот, мен адвокатымның айтқанымен келісемін", - деді Хаменова.

Ал прокурор қарсылық білдіріп, өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұраған, өйткені Хаменоваға қатысты айып ауыр қылмыс саналады.

Судья Жұмағали Тәшімов кеңесу бөлмесіне шығып, қайтып келгенде, айыптың ауырлығын ескере отырып, адвокат Вранчевтің өтінішін қанағаттандырудан бас тартуға шешім қабылдаған.

Соттың келесі отырысы 27 қазанға белгіленген.



Еске салайық, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова 2021 жылғы 10 желтоқсанда ұсталған еді. Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай Құнанбаев ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.