Балалар мінген шағын автобусты тісімен сүйреді

0
1 286

Мектеп басшысы балаларға үлгі болу үшін автобусты бірнеше метрге тісімен сүйреді


Балалар мінген шағын автобусты тісімен сүйреді

фото: NUR.KZ

ERNUR.KZ. "Синь-Хо-Мэнь" мектебінің басшысы Александр Радунцев балалар мінген шағын автобусты бірнеше метрге дейін тісімен сүйреп барды. Александр Николаевич балаларға өзің үлгі болсаң ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенеді деп, жазады NUR.KZ.

Белбеулерді салтанатты түрде табыстап болғаннан кейін кунг-фу жаттықтырушылары 15 шағынауданда ауқымды флешмоб ұйымдастырды. Оны Александр Радунцевтің өзі бастап, балалар отырған автобусты тісімен сүйреді.

Балаларға өзің үлгі болмасаң - оларды шабыттандыра алмайсың. Біз де аспаннан түскен жоқпыз, тағы да біраз нәрселер жасай аламыз", - дейді Александр Радунцев.


"Синь-Хо-Мэнь" мектебінің бас жаттықтырушысы үшін мұндай әрекет қарапайым іс болып көрінеді. Ол жақында 51 жасқа толатынына қарамастан, балалардың спортқа сүйіспеншілігін арттыру үшін таңғаларлық істерін жалғастыра бермек.